6 адам. Атырау облысында жол апатынан бір отбасы қайтыс болды

11041
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 18 маусымда таңертең Атырау – Ақтөбе трассасында Lada Priora және Yutong автобусы соқтығысып, бір отбасынан алты адам қаза болған. Бұл жөнінде полиция департаменті  мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 1985 ж., 2013ж., 2016ж.,  2019ж., 2021 жылғы жолаушылары оқиға орнында қаза болып, Lada Priora автокөлігінің 1982жылы туылған жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты, делінген хабарламада.

Қаза тапқандар төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы. 

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Автобуста отырған жолаушылардың жағдайы айтылмайды. Жол апатына ұшырағандардың аты-жөндері де хабарланған жоқ.

Пікірлер