“Beu fest” қайтадан Алматыда өтеді

1839
Adyrna.kz Telegram

“Beu fest” 2023 музыкалық фестивалі Алматыда қайтадан өтеді”, деп хабарлайды “Адырна”.

Алматылықтар жылдың ең үлкен музыкалық оқиғаларының бірін асыға күтуде. Жыл сайынғы дәстүрге айналған “Beu fest” фестивальі биыл 24 маусымға жоспарланып отыр әрі Қазақстан тұрғындары мен қонақтарының назарын аударады. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары өз аудиториясын сағына күттіріп, ұмытылмас әсер қалдыруға уәде беруде. Биылғы жылы ұйымдастырушылар Amalyat, Dakelot, Dosekesh, Kilemger, Merey және тағы басқа әр түрлі жанрларда ән айтатын жас орындаушыларды қолдауға шешім қабылдаған. Бұл Beuрадиосының тұжырымдамасына басынан бастап енгізілгені айтылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, фестивальдің және радионың идеясы бір - қазақтілді аудитория үшін сұранысқа ие жүз пайыз отандық медиа өнімФестиваль қатысушыларының арасында көрермендердің сүйікті жұлдыздары: Ninety One, Мирас Жугунусов, Dequine, Akha, Қазыбек Құрайыш, Sadraddin, Кенжебек, Ayree, ALPHA, Ayafunk, Ayau, Rusha, Taspay, Mona Songz, Orynkhan, Duman Marat, ONTOĞYZONEKI сияқты әртістер, сондай-ақ біздің фестиваліміздің арнайы қонағы Кореядан келген SongWon Sub болады.

Пікірлер