«Қазақстан барысын» өткізуге бөлінген 1 млрд теңгенің қайда жұмсалғаны тексеріліп жатыр

2461
Adyrna.kz Telegram

«Қазақстан барысын» өткізуге бөлінген 1 млрд теңгенің жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың мәлімдеуінше, қазіргі таңда басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Турнирді Qazaqstan Barysy қоры мен Qazaq kuresi Ассоциациясы ұйымдастырады.  

Пікірлер