Қаржы пирамидасы. Вайнерлерге сот үкімі шықты

1938
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты. Сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда 217-бап - «қаржы пирамидасын құру және басқару», сосын 262-бап - «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару».

Вайнерлер тек 217-бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.

Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мейірхан Шерниязов ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл жазасын өтесін, – делінген сот үкімінде.

Айта кетейік, былтыр 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын.

Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған

Пікірлер