АҚШ "Вагнерге" қарсы жаңа санкцияларды тоқтатуы мүмкін

5806
Adyrna.kz Telegram

АҚШ тарапы "Вагнерге" қарсы санкцияларды тоқтата тұруға ықылас танытып отырғаны шетелдік БАҚ-та жазыла бастады. Мұндай шешімге Пригожиннің бүлігі себеп болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

АҚШ билігі Евгений Пригожиннің Кремльге қарсы көтеріліс жасағанына байланысты  тосын шешімдерге барып, "Вагнер"-ге қарсы жаңа санкциялар енгізуді кейінге қалдыруға ниетті. Бұл туралы Wall Street Journal ақпарат арнасы хабарлады.

Санкциялар 27 маусымда "Вагнер" жасағына кісен салуы тиіс болатын, бірақ Вашингтон жағы оларды кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Мұндай шешім Ресей билігін қолдап, біржақты саясат ұстанғандай көрінбеу үшін қабылданғаны айтылды.

Жаңа санкциялар Пригожиннің Африка елдеріндегі, нақты айтқанда Ливия, Мали және Судандағы бизнесімен байланысты болатын. Басылымның жазуынша,  "Вагнер" бұл елдердегі табиғи ресурстардың нарық айналымға түсуіне әскери сипатта көмек көрсетеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер