Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзартыла ма? Министрлік жауап берді

2045
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Алтынбек Жамалиев Қазақстанда көліктерді заңдастыру мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Егер 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, онда бұл өтінішті қарауды жалғастыратынымызды атап өткім келеді. Яғни, дүрбелең жасаудың қажеті жоқ, әлі уақыт бар. Көлігіңізді заңдастыру үшін ең бастысы 1 шілдеге дейін өтініш беру керек", - деді Жамалиев.

Бұл ретте ол бүгінде Қазақстанда 177 мыңнан аса автокөлік тіркелгенін, оның 10 мыңға жуығы құрастырылған көліктер екенін түсіндірді.

Пікірлер