Баспасөз хатшысы ма? Пригожиннің орнына Лукашенко жауап берді

2488
Adyrna.kz Telegram
In Belarus eingetroffen: Der russische Söldnerchef Jewgeni Prigoschin. Foto: -/AP/dpa
In Belarus eingetroffen: Der russische Söldnerchef Jewgeni Prigoschin. Foto: -/AP/dpa

Александр Лукашенко «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің Беларуське келгенін растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «BBC»-ге сілтеме жасап.

«Иә, ол қазір Беларусь мемлекетінде. Кеше Владимир Путин уәде еткендей, қауіпсіздік кепілдігі берілді. Біз әлі лагерь салып жатқан жоқпыз. Бірақ егер қаласа, біз оларды орналастырамыз. Әзірге «Вагнер» Луганскідегі лагерьлеріне барды»,—деді президент.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей басшысы Владимир Путиннің вагнершілерге алғыс айтып, Беларуське баруды ұсынғанын жазған едік.

Пікірлер