Таразда «Зербұлақ» демалыс кешені ашылды

2093
Adyrna.kz Telegram

Таразда “Зербұлақ” демалыс кешені ашылды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Тараздық тұрғындар мен қонақтар үшін жаз мезгілі жақсы өтпек. Себебі Астана күні мерекесіне орай қалада халықаралық деңгейде туризмді дамыту аясында Зербұлақ көлінде еліміздегі ірі мәдени-сауықтыру отбасылық демалыс аймақтарының бірі пайдалануға берілді.

Кешеннің ашылу салтанатына облыс басшысы Нұржан Нұржігітов, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов кешен директоры Айбек Оршубековпен бірге ауқымды нысанның лентасын қиып, аралап көрді.​ Ауқымды жоба өңірдегі туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.


Құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын кешен жалпы 1,9 гектар аумақты алып жатыр. Сыйымдылығы 2000 адамға шақталған. Мұнда түрлі әткеншек, толқынды бассейн секілді заманауи құрылғылар орнатылған.

«South Holiday» ЖШС-нің басшысы Айбек Оршубековтің айтуынша, Орталық Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналатын бұл кешенде алдағы уақытта бес жұлдызды қонақ үй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар іске қосылмақ.

Салтанатты түрде пайдалануға берген демалыс аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналары сөзсіз.

Пікірлер