Заңсыз құжат дайындаған. Таразда ХҚКО-ның қызметкерлері ұсталды

925
Adyrna.kz Telegram
Polisia.kz
Polisia.kz

Тараздағы қызмет көрсету орталығына арнайы жасақ басып кірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Хабарланғандай, автокөлік жүргізушілеріне қызмет көрсету орталығының басшылығы заңсыз куәлік берді деген күдікке ілінді.

12 ақпанда құқық қорғау қызметкерлері Тараз қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ орталықтың басшылары мен кейбір шенеуніктерінің пәтерлеріне рейд жүргізді.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы жасақтың бұл әрекетіне белгілі бір уақыт бойы оқытпай, көлік жүргізу бойынша тәжірибе өткізбей, ақшаға заңсыз жүргізуші куәлігін беріп келген күдіктілердің ұсталуы себеп болған. Полицияның мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында Жамбыл және Түркістан облыстарында, Алматы мен Шымкентте тұратын халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, оның ішінде басшылық пен көмекшілері болған.

“Көмекшілері” осы өңірлердің барлығынан клиенттер іздеп, Тараздық кеңсе қызметкерлері оларға жүргізуші куәлігін беріп, құжаттарын мәліметтер базасына тіркеген.

Аталған заңсыз әрекеттің қалай жүзеге асқаны беймәлім, бірақ «жол ережесінің соңғы 3.0 нұсқасында» міндетті түрде курсанттың биометриялық сәйкестендіруін талап етеді. Қазіргі уақытта заңсыз құжат берудің 35 фактісі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер