Шымкент қаласындағы әуежайдың санитарлық қорғау аймағында орналасқан нысандарға қатысты шешім өзгерді

1139
Adyrna.kz Telegram
gabit_syzdykbekov инста парақшасынан
gabit_syzdykbekov инста парақшасынан

Тиісті құқықтық-нормативтік актілер бойынша әуежайдың санитарлық қорғау аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықты алып жатуы шарт. Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

«Сонымен қатар аталған аймақтағы 307 жер телімінде тұрғын үйлер орналасқан.
Аталған мәселені шешу мақсатында, 307 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтарып алу жөнінде қаулы қабылданған болатын.

Алайда, бағалау жұмыстары бұл мақсатқа 30 миллиард теңге қажет екенін көрсетті.

Нәтижесінде, мемлекет мұқтажына қайтарып алудың қала бюджетіне салмақ түсіретіні анықталды. Сол себепті, Шымкент әуежайына санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтықтан жаңа ұшу-қону жолағын салу туралы шешім қабылданды. Осыған орай, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін «Qazaq City Stroy» ЖШС-імен меморандум түзілді.
Әуежайдағы жаңа ұшу-қону жолағының ұзындығы — 3 300 метр, ал, ені — 45 метр болады. Нәтижесінде, халықтың баспанасы бұзылмайды. Мемлекет қаржысы да үнемделіп, әуежай заманауи ұшып-қону жолағына ие болады», - деді әкім.

Пікірлер