Шымкенттік тұрғындар газсыз қалды

1006
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттегі 1500-ге жуық абонент газсыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қаладағы Мәртөбе елдімекенінде жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны орын алды. Салдарынан тұрғындар газдан айырылған.

Жауапты мамандарының мәліметінше, құбырдағы ақау 3 қаңтар кешкі сағат 21:45 шамасында анықталған. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 жұмысшы жұмылдырылыпты.

Қала әкімдігі пәтерден газдың иісі байқалса, дереу 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет екенін ескертеді.

Пікірлер