“Жалаңаяқ шыққан”. Көпбалалы ана алты баланы өрттен аман алып қалды

1713
Adyrna.kz Telegram
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкенттік тұрғын алты баланы өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеп.

Марина Гафарова есімді әйел көршісінің өртеніп жатқан үйіне кіріп, алты баланы аман алып қалды.

Оқиға болған түні Марина отқа оранған балалардың көмекке шақырған дауысын естіп, көмекке асыққан. Өртке оранған үйден балалардың даусын естіген әйел өрт сөндірушілерді күтетін уақыттың жоқ екенін ұққан.

Ол ойланбастан үйдің терезесін сындырып, өртеніп жатқан көрші үйге кіріп кәмелетке толмаған алты баланы алып шыққан.

Ерлік жасаған тұрғынды құтқарушылар марапаттады.

Маринаның төрт баласы бар. Ол өртті көргенде көмекке асығып, үйден жалаңаяқ жүгіріп шыққанын айтады.

Үйлеріміз бір-біріне өте жақын орналасқан. Балалардың жылағанын естіп, жүгіріп шықтым. Мұнда газ баллоны бар екен. Ол кез келген минутта жарылып кетуі мүмкін еді" – деді Марина.

Ол үйдегі газ баллонды көргенде бірден күйеуін көмекке шақырған.

Басылымның ақпаратынша, алты баланың анасы оларды жалдамалы үйде қараусыз қалдырған. Алты бала ұйықтамай, отпен ойнаған.

Әйел осы үйден кәмелетке толмаған алты баланы құтқарып, ерлік көрсетті. Өрттің шығу себебі – балалардың отқа абайсыз қарауы, – деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.

Марина Гафарова құтқарылған балалардың ата-аналары тіпті алғыс та айтпағанын жеткізді.

Пікірлер