Энергетика министрлігі жанармай тапшылығына қатысты пікір білдірді

1205
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі жанармай құю бекеттеріндегі жанармай тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрліктің хабарлауынша, 2023 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша сұйытылған мұнай газының қалдығы Маңғыстау облысы бойынша 1828,7 тонна (тәулігіне 3,2 тонна жеткізу) (Ақтау – 434 тонна, Жаңаөзен – 476 тонна, Мұнайлы – 322 тонна, Маңғыстау – 172  тонна, Түпқараған – 160,1 тонна, Бейнеу – 129,8 тонна, Қарақия – 134,8 тонна болған.

«Облыстағы жағдай тұрақты, Ақтау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы жанармай құю бекеттерінде бес-жеті вагоннан тұратын кезек бар, газды тасымалдау кестеге сай жүргізілуде», - деп хабарлады мекеме.

Өңірде осы жанармай тапшылығын болдырмау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап тәулігіне 570 тоннадан 620 тоннаға дейін жеткізілетін болады.

«Бүгінгі күні Ақтау қаласына 12 газ зауытына жоспарланған жөнелтілім 182 тонна болды. Кезектердің басым бөлігі 29а, 24 және «Шығыс» шағынауданында, қала сыртында кезек жоқ. Өңірдегі жанармай құю бекеттерінде газ 54-59 теңгеден сатылуда», - деп жауап берді Энергетика министрлігі.

Пікірлер