"АЭС салуға қатысты". Шымкентте жария талқылаулар өтті

688
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында Шымкентте жария талқылаулар болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

18 сәуір күні өткен жиын ақсақалдар Кеңесінің бастамасымен өтті

Жария талқылауға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің, ҚР Энергетика министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, БАҚ, жергілікті белсенділер, жергілікті экологтар қатысты.

ҚР Энергетика министрлігі, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК өкілдері сөз сөйлеп, қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясын тұтыну динамикасы қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті.

Спикерлердің сөзінше, электр энергиясын тұтынудың белсенді өсуін ескере отырып, елдің қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заманғы АЭС салу мүмкіндігін қарастыру қажеттігі бар.

Спикерлердің баяндамасынан кейін жергілікті тұрғындар экология, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, реактордың қауіпсіздігі, кадрлар даярлау сынды түрлі мәселелер бойынша сұрақтар жолдады.

Жиын соңында жергілікті тұрғындар Қазақстанда АЭС салу мәселесін қолдағаны айтылды.

Пікірлер