Қазақстаннан да бар. Киев бірнеше компанияға санкция салды

1573
Adyrna.kz Telegram

Украина басшысы Владимир Зеленский  бірнеше компанияға санкция салған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

291 компанияға және 190 жеке тұлғаға Украинаның басшысы санкция салды. Санкцияға іліккендердің қатарында Грузия, Ресей, Беларусь және Қазақстанның өкілдері бар.

Қазақстанның 2 компаниясына 5 жылға санкция салқыны тиген. Олар - Limited Liability Partnership «ITS – Astana» және «Tynys» АҚ.

“ITS - Astanа” дәнекерлеу жабдықтарын сатумен айналысып келген. Басшысы – Надежда Гапотина есімді азаматша.

Ал екінші компания “Tynys” АҚ 2003 жылдан бері «Қазақстан инжиниринг» компаниясының құрамында . 2012 жылдан бастап Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық ұланға арнап оқ өтпейтін жилеттер, соққыға қарсы қалқандарды жеткізіп келеді. Көкшетауда өндірілетін қорғаныс киімдерін Ресей мен Беларусьтің күштік құрылымдары да сатып алғаны анықталды.

Пікірлер