8 жылға сотталған Боранбаевқа шығарылған үкімнің күші жойылғаны туралы ақпарат тарады

3210
Adyrna.kz Telegram

БАҚ беттерінде кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа шығарылған үкімнің күші жойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, бірінші сот отырысы кезінде үкімнің күші жойылды, іс бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша қайта қарауға жіберіледі. Оған дейін Боранбаев қамауда қала бермек.

Кәсіпкердің адвокаттары сотқа кінәсін мойындай отырып, іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішпен жүгінген. Істі қарау әзірге кейінге қалдырылды. Тараптарға мәміле шарттарын талқылауға уақыт берілді.

Соңғы сөзінде Боранбаев «AsiaGazChundzha» ЖШС мен QazaqGaz АҚ арасындағы мәмілені "коммерциялық және заңды, бірақ қате болуы мүмкін" деп санағанын мәлімдеді. Кәсіпкер ықтимал залалды өтеуге дайын екенін білдірді.

Астана соты бұл ақпаратты жоққа шығармады, растаған да жоқ.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының ФК басшысы Қайрат Боранбаевқа қатысты үкімнің күшін жоюына «Қазтрансгаз» АҚ ресейлік газды сатып алу бағасы көрсетілген хаттаманың түпнұсқасының болмауы себеп болған. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады.

Бұған дейінгі мәліметтер бойынша, "ҚазТрансГаз" компаниясының шенеуніктері «AsiaGazChundzha» ЖШС бақыланатын делдал компаниясы арқылы ресейлік газды әдейі жоғары бағаға сатып алып, кейін алынған ақшаны ұрлаған. Тергеушілердің айтуынша, қылмыстық схеманы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Серд ұйымдастырған, бірақ оған қатысты іс жеке өндіріске бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 31 наурызында Астананың №2 Сарыарқа соты «AsiaGazChundzha» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ «Qazaq Gaz» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты үкім шығарды. Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановтің мүлкі тәркіленіп, үшеуі де сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал, жуырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Сарыарқаның No2 сотының биылғы 31 наурыздағы үкімінің күшін жою туралы шешім шығарды. Оның шешімі «Қазтрансгаз» АҚ ресейлік тараптың газды қандай бағаға ұсынғаны туралы хаттаманың түпнұсқасының жоқтығына негізделген. Оның болу мүмкіндігі жайлы факті де расталған жоқ.

Мәміле бойынша, «Қазтрансгаз» АҚ «AsiaGazChunja» ЖШС-нен газды мың текше метрі үшін 167,32 доллардан 176,98 долларға дейін сатып алды. Үкім «Газпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ҚазМұнайГаз» АҚ арасында 2019 жылғы 12 шілдеде өткен кездесуде 18-тармақта газдың мың текше метрі үшін сату бағасы 145 доллар деп белгіленген хаттама болған деген болжамға негізделген. Баға айырмашылығы газ бағасын шарықтату арқылы ұрлық ретінде есептеледі, - делінген сот алқасының қаулысында.

Пікірлер