Тұрлыхановтың тұрлаусыз ұлы. “Әскери бөлімнен көлікпен шығып кеткен”

3442
Adyrna.kz Telegram

Құқық қорғаушы Анна Чернова депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының оғаш әрекеті жайлы баяндап, оның әскери бөлімнен қашқаны туралы хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

Құқық қорғаушы бұл жайлы:

"Маған әлгінде ғана Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені жайлы хабар жетті. Ол бөлімде бұлтартпау шарасы бойынша бөлім бастығының бақылауында болатын", – деп өзінің әлеуметтік желілерінде хабарлады.

Оның айтуынша, депутаттың ұлы кеше бөлімнен көлікпен шығып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың ақпан айының ортасында қазақстандық заңгер Анна Димитриевич Алматыда күйеуі екеуін атақты балуанның баласы соққыға жыққанын мәлімдеді. 10 наурызда Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің мән-жайын айтып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастағанын хабарлаған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

 

Пікірлер