Қыстан кейін. Жазғы апаттарға да комиссия құрылмақ

1740
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының елдегі мұнай өңдеу зауыттарындағы жағдайды қадағалап отырғаны айтылды, деп жазады "Адырна". Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі жазды. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев апаттардан кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр" делінді хабарламада.

Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру туралы тапсырма берілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер