Президент Қызылжарда су деңгейін бақылап жүр

692
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары барысында Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралады.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына аймақтағы Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады.

Әкімнің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басып, 10345 адам эвакуацияланған. Ал су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған.

Қазір аймақта халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

Пікірлер