Қазақстан жерін Ресейге беруді ұсынған жезқазғандық азаматтың ісі қаралуда - ҰҚК

1930
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Қазақстан аумағын Ресейге беруді ұсынған Жезқазған тұрғынының ісі бойынша материалдар жинап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Ақпарат Жезқазған қаласының полиция бөлімімен 2 шілдеде тіркеліп, 2023 жылғы 3 шілдеде шешім қабылдау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысындағы департаментіне жолданды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл туралы сейсенбі күні Ұлытау облыстық прокуратурасы жауап берді.

Прокуратура Жезқазған қаласының тұрғыны Александр Сысоев есімді азаматтың чат-рулет платформасы  арқылы Қазақстанның Ресей Федерациясына кіруіне қарсылық білдірмейтіні жайлы айтқан әңгімесі туралы түсініктеме берді. ҰҚК-нің сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркеу үшін материалдар жинап жатқаны аталды.

Бұған дейін, өзін «Александр Сергеевич» деп таныстырған жезқазғандық азамат Қазақстанның солтүстігін Ресей «түпкілікті жер» деп санайды» деген сөзіне жауап ретінде ел аумағын түгелдей Ресейге беруді ұсынған.

Пікірлер