Демалыс күндерінің алдында. Доллар бағамы арзандады

1451
Adyrna.kz Telegram

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,76 теңгеге төмендеп, 443,84 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы долларға 446,79 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,97 теңге, сату – 447,99 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,15 теңгеден сатып алынып, 447,17 теңгеден сатылуда.

Пікірлер