Дәмханаларға иттің етін сатқан: қаңғыған иттерден "бизнес істеген" ақмолалық ұсталды

2429
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының тұрғынына қаңғып жүрген жануарларды заңсыз атқаны үшін 690 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" сайты. Мәлімет ҚР ІІМ тіркелді. 

Ер адам қаңғыбас иттерді атып алып, еттерін сатқан.

«20 ақпанда Шортанды ауданы Дамса ауылының 41 жастағы тұрғынына қатысты жануарларға қатыгездік көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тінту кезінде ер адамның үйінен 750 келі ит еті табылған. Астанадағы дәмханалардың бірі аталған күдіктіден бұрын 150 келідей ет сатып алғанын, ол үшін 100 000 теңгеден астам ақша төлегенін айтқан», - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Пікірлер