Қазақстанда 6 мың ата-ана тіркеуге алынып, 12 мың ата-ана қылмыстық жауапкершілікке тартылды

990
Adyrna.kz Telegram
Happy family standing in the park at the sunset time.  Concept of friendly family.
Happy family standing in the park at the sunset time. Concept of friendly family.

Қазақстанда 6 мың ата-ана тіркеуге қойылып, 12 мың ата-ана жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Әсет Оспановтың баяндамасына сілтеме жасап. 

"Балаларды тәрбиелеуге қатысты міндеттерді атқармайтын 6 мыңнан астам ата - ана профилактикалық тіркеуге алынды", - деді Оспанов дүйсенбіде өткен брифингте.

Оның ақпараты бойынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған 2 мыңнан астам отбасы анықталды, олар туралы ақпарат мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді. Оларға қатысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда 1800 материал қаралды, 600-ден астам адам ата-ана құқықтарынан айырылды және 340 адам шектелді, ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, оқу жылының басынан бастап Ішкі істер органдары бақылауға алған қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 1400-ден астам бейресми көшбасшылар анықталды, кәмелетке толмағандар арасынан бопсалаудың 40 фактісінің алдын алды.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін полиция әрекеттерінің қадамдық алгоритмі әзірленді, оған сәйкес балалар өгей әкелерімен және өгей шешелерімен бірге тұратын отбасыларға ерекше назар аударылады.

2023 жылғы желтоқсанда мемлекеттік органдармен бірлесіп Зорлық-зомбылыққа, қудалауға, кибербуллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету жөніндегі арнайы әдістеме бекітілді. Әкімдіктер жанынан бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің, учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау және оған ден қою үшін ведомствоаралық мобильді топтар құрылды.

Ақпарат алмасу Whatsapp чаттарында жүзеге асырылады.

Пікірлер