Оралда 59 жастағы тұрғынды өлтірген күдікті ұсталды

1306
Adyrna.kz Telegram

Оралда бастауыш сынып мұғалімін өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі мүрдесі пәтерден табылған әйел адамның зорлық-зомбылықпен өлтіргенін мәлімдеген.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында сол күні күдікті анықталып, қылмыстың ізі суымай қолға түсті. Ол Орал қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деді полиция капитаны Нұржан Қуанғали.

Пікірлер