Мамыр таяғанда. Жамбыл облысында қар жауды

937
Adyrna.kz Telegram

Сенбі күні Жамбыл облысының оңтүстігінде қар жауды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында қар түскенін бейнелеген видео пайда болды.

«27 сәуір. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, қар жауды», - делінген видеода.

Бұған дейін синоптиктер 25, 26 және 27 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп ескерткен болатын. Еліміздің солтүстік облыстарында түнде минус сегіз градусқа дейін суытады деп болжанған.

 

Пікірлер