Лукашенко Назарбаевты туған күнімен құттықтады

1879
Adyrna.kz Telegram
Фото: hvylya.net
Фото: hvylya.net

Беларусь басшысы Лукашенко  Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев 83 жасқа толды.

Халықаралық аренада Қазақстан имиджін қалыптастыру үшін көп күш-жігер жұмсадыңыз. Бүгінде Қазақстан өзінің өнеркәсіп әлеуетін сақтап қалған, нарықтық экономикасы бар, азаматтық қоғам негізі қаланған, этникалық және діни келісім орнаған мемлекет. Бұл көп ретте сіздің еңбегіңіздің арқасы, - делінген Беларусь президентінің құттықтауында. 

Ол Назарбаев екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті. 

 

Пікірлер