«Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

1317
Adyrna.kz Telegram
Akorda.kz
Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

«Біз осы мерейлі мерекеде халқымыздың бостандық туралы арманын ақиқатқа айналдыруға өлшеусіз үлес қосқан ерлердің рухына тағзым етеміз.

Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Оны табысты әрі бақуатты мемлекеттің тірегі саналатын қастерлі құндылық ретінде көздің қарашығындай сақтау – ата-бабаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы қасиетті борышымыз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!», - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Президенттің ұсынысымен Тәуелсіздік күні - Желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде бекітілген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер