Ресейдің Украинаға басқыншылығына ашық түрде қарсы шыққан белсенді ұсталды

1741
Adyrna.kz Telegram

Астанада Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығына ашық түрде қарсы шыққан ресейлік белсенді Андрей Павлов ұсталды. Бұл туралы Қазақстандағы халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросы мәлімдеді, деп хабаилайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Ресейде оған халықаралық іздеу жарияланғандықтан, ол 72 сағатқа қамауға алынды. Оған «әскердің беделін түсірді» деген айып тағылып отыр.

Екінші топтағы мүгедек Андрей Павлов Қазақстанға өткен жылдың соңында келген. 4 маусымда Ресейде сырттай тінту және қамауға алу салдарынан ұсталып, 72 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы Павловқа заңгерлік көмек көрсетуде, - деді бюро өкілдері.

Айта кетейік, ұсталған Павлов өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш жазған.

 

Пікірлер