Сәтбаев су арнасынан екі баланың мәйіті табылды

1279
Adyrna.kz Telegram

5 шілде күні кәмелетке толмаған екі бала Сәтбаев атындағы су арнасына батып кетті. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

112 пультіне кеше сағат 18.00-де Екібастұз қаласының әкімшілік бағынысындағы Байет ауылының 6 және 7-сыныптың екі оқушысы Сәтпаев арнасына бет алып, қайтып оралмағаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.

Олардың қасында ата-аналары мен басқа да ересек адам болмаған. Балалардың киімдері жағадан табылды. Екібастұз қаласының құтқарушылары түнде бір баланың, таңертең екінші баланың денесін тапты, делінген хабарламада.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жабдықталмаған су айдындарында шомылуға тыйым салынғанын ескертті.

Пікірлер