Қарқаралы ұлттық табиғи паркі. Қарағанды облысында орманнан шыққан өрт жедел сөндірілді

1594
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қарағанды облысында орманнан шыққан өрт жедел түрде сөндірілді. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен "Қазәуеорманкүзеті" күштерімен сөндірілді, - деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, болжам бойынша өрттің шығуына найзағай себеп болған. Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.

Пікірлер