Астанада бетон зауытының асханасынан өрт шықты

569
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

11 сәуірге қараған түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданында бетон зауытының аумағында орналасқан асханадан өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ТЖД күшімен асханадан 4 газ баллоны шығарылды. Қолға алынған шаралардың арқасында 60 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Пікірлер