Астанада мешіт қызметкерінің қомақты ақша ұрлағаны анықталды

2215
Adyrna.kz Telegram

Елордалық мешіттің жүргізушісі қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, мешіт ауласында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын хабарлады.

Тергеу барысында мешіт қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен. Жұмыс уақытында ол басшының кеңсесіне кіріп, үстелден сейфтің кілттің жатқанын көріп оны ашып, қолма-қол ақша ұрлады.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сот алды тергеу жүргізіліп жатыр, ер адам ұрланған ақшаны өтеді.

Пікірлер