Ұшақтан қуылған домбыра қаншалықты насихатталып жүр?

1680
Adyrna.kz Telegram

Қазақта қырыққа жуық музыка аспабы бар десекте, ең танымалы, халық арасына ең көптарағаны, әлемге де әйгілісі осыдомбыра. Біздомбырамызға өз дәрежесінде құрмет көрсетіп отырмыз ба?

Жылда мерекеленетін «Ұлттық домбыра күніне» рақмет. Тарта алатынымыз бар, тарта алмайтынымызбар, көзабаға топталып алаңға шығып, қатырып күйтартпасақ, та қатырып сурет пен видеоға түсеміз де: «Мереке қарсаңыңда ана өңірде 500 домбырашы, мына жерде 1000 домбырашы күй тартты» дейміз.

Концерт ұйымдастырған боламыз, кейбіртелеарналарға әнші, домбырашыларды шақырған боламыз. Сонымен тамам. Жыл сайын осы бір қайталау...

«МАНАСШЫЛАР» ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА МЕРЕКЕСІ

Бізбен іргелес халықтар ұлттық мұраларын қалай насихаттап, қандай нәтиже шығарып отырғанына мән берейік.

Қырғыздарда «манасшылар» өте абыройлы. Насихаты мықты. Қалың әскер баса алмағанілгерідегі бір көтерілісті халық алдында «Манасты» жырлаған үш манасшы басты. Халықты ыза-кекқаншалықты кернеп тұрса да, ұлттық мұрадан аттап кете алмады, құрметтеді.

Міне, ұлттық мұраға деген шексіз құрметтің көрінісі.

Қырғызстанда жыл сайын сәуір айында  "Ұлттық музыка жұмалығы" ұйымдастырылады (Әр жылы өтетін облысы өзгереді). Онда  ұлттық музыканың барлық түрі қамтылып, тыңдауға нөпір халық келеді. Бес күнге созылған ұлттық музыка концертіне халқының ағылып, аңсап келуі  – насихаттың жемісімен нәтижесі.

ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАТЫН ҰЛТТЫҚ МҰРА

Өзбектер де ұлттық құндылықтарын насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Радио, телеарналарында миллиә шулаларын (ұлттық әндерін, аспаптарын) жоғары дәрежеде насихаттайды. Таксиіне отырсаң да, мұражайы мен кафе-ресторанына барсаң да сым ішекті  рубабының, тарсылдатып ұрған дәбі менүрленген найының даусы алдыңнан шығады.

Таңертеңгі уақытта көзің жұмылып ұйқыда жатсаңда, қосылып тұрған теледидардан құлағыңа ұлттық музыкасы естіліп жатады. Өзбектердің жастары да үнемі рубабпен қосталған әшулаларын ықыласпен тыңдап, рақаттанып отырады. Өйткені, ұлттықмузыканы мемлекеттік деңгейде насихаттап, жасынада, кәрісіне де әбден сіңіріп тастаған. Насихаттағансоң осылай насихаттау керек.

ҰШАҚТАН ҚУЫЛҒАН ДОМБЫРА

Ал бізде домбырамызға қарағанда, эстрада 1000 есе көп дәріптеледі. Мемлекеттік концерттің өзіне домбыра шықпайды. Сондықтан, бізде дәстүрлі әнші, жыршылар мен күйші-домбырашыларымызға қарағанда, не сөзінде, не әуенінде мән жоқ «эстрадаәншілері» танымал (Олар оған кінәлі емес, аса қатты дәріптеп отырған өзіміз).

Шын мәнінде ұлттық музыканы сіңірмеген қазақты нағыз қазақ деу қиын. Адамға ұлттық болмыс тілменғана келмейді, ұлттық музыкамен де келетінін түсінуіміз керек.  

Алаш қайраткерлерінің бәрі ұлттық музыканы сіңіргендер еді. Оның ішінде А.Затаевичке ән менкүй бермеген тұлғаның өзі кемде-кем,  шетінен әнші, шетінен домбырашы болды. Бүгінгі қолында амалы бар адамдардың көбі негізінен домбыра үнін сіңірмей өскендер. Өз халқының жанын түсінбейтінін, неге«қазағым» демейтінін осыдан аңғара беріңіз.  

Ұлттық музыкамызды насихаттайтын «Домбыра» дейтін жалғыз телеарнамыз бар, жоғарыға талай хат жазылса да оның өзі «Отау ТВ»-ға қосыла алмай, өз жерінде жетімдік көріп отыр. Өз мемлекетімізде өз домбырамызды ұшаққа алып кіре алмай жүрген бейшара халімізге қарап-ақ көп нәрсені бағамдай беруге болады. Айтарға сөз көп...

 

Күнқожа Қайрулла

жыршы, өнер зерттеушісі, ҚР Мәдениетсаласының үздігі

 

 

 

Пікірлер