Алматыда жастар арасында айтыс өтті

831
Adyrna.kz Telegram
mail.kz
mail.kz

Мақсаты – ұлы күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының мұрасын насихаттау. «Open air: Құрманғазы». Бұл – Алматыда өтіп жатқан бірегей жоба.

Қоғамдық даму орталығы мұрындық болған жобаның басы айтыспен басталды. Ол 4 бағытта өтті. Қыз бен жігіт айтысы, қалжың айтыс, шоу-айтыс және жұмбақ айтыс. Дәулескер күйшінің мол мұрасын жастар арасында, қала тұрғындары мен қонақтарының арасында дәріптеу үшін іс-шара ашық аспан астында ұйымдастырылған. Ал Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының алаңында кезекті күй тартыс өтеді.

«Бұл іс-шараның мақсаты – ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі, құнды мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу», – деді жобаның атқарушы продюсері Дастан Өмірзақ.

 

Пікірлер