Семейден кейін. Қызылжар орманында өрт шыққаны хабарланды

1255
Adyrna.kz Telegram

Павлодарлық өрт сөндірушілер «Ертіс орманы» резерватында орын алған тағы бір өртті сөндіргені хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Хабарламада:

«6 шілдеде сағат 18.56-да Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман өртенді. Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖД-ның 31 маманы мен 12 техникасы жұмылдырылды», - делінген.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сағат 22-06-да шамамен 13,37 га алаңдағы өрт сөндірілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер