Қазақстаннан кейін Өзбекстан мен Қырғызстанда да Лепстің концерті өтпейтін болды

2602
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік әнші Григорий Лепстің концерттері Өзбекстан мен Қырғызстанда да өтпейтін болды. Барлық дайындық Қазақстанның қарсылығынан кейін тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ресейдің басқыншылық әрекетін ашық қолдайтын әнші Лепстің өнерін тамашалаудан Өзбекстан халқы да бас тартты. 23 қазан күніне жоспарланған  концертке халық жаппай қарсы шығып, әлеуметтік желілерде арнайы науқан ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған бұрын өзбекстандық блогер Мирзо Зимний өзінің Telegram-арнасында #lepskerakmas (#ЛепсНеНужен) хэштегін жазып, қоғамдық сілкініс тудырған болатын.

Осы жазбадан кейін Григорий Лепстің концерттік хабарландыруы Ticket.uz сайттынан алынып тасталды.

Мұндай "Орта Азиялық" науқанға қырғызстандықтар да қосылды.  Шолпан Ата ойын-сауық орындарының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған Лепстің бұл мекенде де дегені болмады. Мыңдаған теріс пікірлерге байланысты концертті ұйымдастырушылар плакаттарды алып тастап, Лепстің өнер көрсетпейтіндігін растады.

Естеріңізге сала кетейік, Григорий Лепс шілде айында Қазақстанның Қонаев қаласында өнер көрсетуі керек еді. Бұған қатысты қоғам белсендігі Арман Шораев бас көтеріп, Григорий Лепс кешінің шырқын бұзғанға өз қалтасынан бір миллион теңге төлейтінін мәлімдеді. Кейінірек украиналық орындаушылар челленджге қосылды. Мысалы, Ольга Полякова өзінің Instagram парақшасында Григорий Лепстің бетіне түкірген азамат үшін мың не 2 мың доллар ұсынатынын хабарлады.

Нәтижесінде, Қонаевта ресейлік әртістің  концерті тоқтатылды. Мұндай қадамдардан кейін Лепстің ұжымы Қазақстан халқын күстәналап, директоры Қазақстанды "достыққа жұғымсыз ел" деп айыптады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер