Астананың жиырма бес жылдығында аспан түрлі "сурет салды"

1597
Adyrna.kz Telegram

Астанада елорданың 25 жылдығына орай жарық шоуы ұйымдастырылып, жүздеген дрон көкте қалқыды. Түрлі көріністерді бейнелеп, аспанды ерекше нұрға бөледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы tengrinewskz-ке сілтеме көрсете отырып.

Түрлі-түсті көріністермен көркемделген іс-шара 6 шілде күні кешке Тәуелсіздік даңғылындағы "Қазақ Елі" алаңында өтті.

Дрондар аспанда көздің жауын алатын түрлі-түсті фигураларды қалыптастырып, түнгі аспанды қызықты жарық спектакліне айналдырды. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған. Түнгі аспанда Астананың көрнекті нысандары жарық шамдарымен көрсетілді.

Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылды. Шоуға 500 дрон қатысты. Астана әкімі баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваның айтуынша, шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер