«Құрбан айт» мерекесіне орай Алматы мешіттерінде мерекелік іс-шаралар өтеді

590
Adyrna.kz Telegram
kazinform.kz
kazinform.kz

«Құрбан айт» мерекесіне орай Алматы мешіттерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, мерекелік дастархан жайылып, балаларға айттық таратылады, бүлдіршіндер үшін арнайы батут құрылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының «Бәйкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрбан айт мерекесіне орай, Алматы Орталық мешіті, «Бекет ата», «Мырзахмет», «әл-Мәдина», «Абдулла», «Райымбек батыр», «Нұр-Мүбарак», «Ынтымақ» және «Мұхамед әл-Әмин» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер құрып, жамағатқа дәстүрге сай дәм ұсынылатын болады. «Нұр», «Қыстаубайұлы Манас», «Қарасай батыр», «Бақыткелді», «Әл-Хамид» «Райымбек батыр», «Қарағайлы», «Түркісб», «Әскер ата», «Арафат», «Орбита» және «Нұр» (Ақжар) мешіттерінде мұқтаж отбасыларға айттық қоржындары таратылады. Әуезов ауданында «Таугүл» мешітінің асханасында ақсақалдар мен апаларға айттық дастархан жайылады. Алатау және Наурызбай аудандары Балалар үйіне арнайы барып, балаларға айттық базарлық таратып, айт мерекесімен құттықтау ұйымдастырылады. Бостандық, Түрксіб аудандары Қарттар үйіне арнайы айттық дастархан жайып, мерекелік шара ұйымдастырмақ. Әйел-қыздары секторының ұйымдастыруымен Алматы Орталық мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді», - деді Данияр Жұмабаев.

Пікірлер