Кім кімге жалға берген? “Алтынорда” базары жайында даулы видео тарады

2078
Adyrna.kz Telegram

Кейінгі кезде басы даудан арылмаған “Алтын орда” базарының басшылығы редакцияға видео мәлімдеме жолдапты. Мәлімдемеде жалға беру келісім-шартының бұзылғаны айтылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Видеода “Компания номер один” ЖШС өкілі базынасын айтып,  мәлімдеме жасайды.

Видео авторы өз сөзінде  "Алтын Орда" базарына тән күрделі мәселелердің Үкімет отырысында қарастырылғанын, Премьер-министрдің нарықта жергілікті сипатты олигополия барын айтқанын, оны бақылаудың мүмкін болмай тұрғанын еске салады. Бас прокуратура мен мемлекеттік органдардың тексерісі нәтижесінде 300-ден астам заңбұзушылық деректері анықталғанын хабарлайды. Сонымен қатар кәсіпкерлердің өз ісін дөңгелетіп әкетуіне қажетті жағдайдың жоғын хабарлайды. Мұның ақыры бағалардың өсуіне әкелетінін жеткізіп, назар аудартарлық мәлімдеме жасайды.

Видео мәлімдемеге сенсек, базарды Данияр Альпиев басқаратын “Altyn Orda new company” мекемесі жалға алып тұрған. Видеода жалға беруші “Компания номер один” ЖШС заңгері Ізбасар Утеулин жалға беру келісім-шартын бұзылатындығын мәлімдеп отыр. Сонымен қатар, Утеулиннің айтуынша, Альпиев те меншік иесі болып қалмақ.

Қазіргі базардың жалпы ауданы 180 мың шаршы метр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жалға алушылар саны 4540-қа жеткен. Нарықтан нәпақасын тауып жүргендердің айтуынша, базарда күндізгі орын жалдау ақысы, шамамен, 3 мың теңге.

Естеріңізге сала кетейік, өткенде Алматыдағы "Алтынорда" базарына белгісіз біреулердің шабуылдағаны жайлы жазғанбыз.  Базарда бетін бүркемелеп, үстеріне камуфляж түсті киім киген ондаған адам базардағы нысандарды сындырғаны айтылады. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер