Прокуратура: Назарбаевқа қарасты Жамбылдағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды

1241
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында Болат Назарбаевқа қарасты базар жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды “Адырна” порталы облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Болат Назарбаевқа тиесілі «Қарасай Б.Н.-Тараз» ЖШС-не «Барыс-2» сауда орталығына қызмет көрсету үшін 34,3017 гектар жер телімі берілгені хабарланды.

«Учаске берілген кезде оның тәртібі бұзылған, атап айтқанда ауданы 22,25 гектар жердің бір бөлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы егістік алқаптарға жатады және ерекше қорғауға алынып нарықтық қызмет көрсетуге берілген. Аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы талап арызбен сотқа жүгінді», - делінген хабарламада.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы ұйғарымымен «Қарасай Б.Н.-Тараз» ЖШС мен департаменті арасында 2007 жылғы 24 шілдедегі No 81 және № 82 учаскелерді сатып алу-сату шарттары жасалған. Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары, сондай-ақ «Кордай Инвест» ЖШС-нің жер телімдерін өтеусіз беру туралы барлық шарттары жарамсыз деп танылды және күші жойылды.

Сот үкімі 2023 жылдың 28 желтоқсанында заңды күшіне енді, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды, деп қосты прокуратура.

Пікірлер