Премьер-министр Болат Назарбаевтың жаназасына не үшін барғанын түсіндірді

3603
Adyrna.kz Telegram
Фото: paryz.kz
Фото: paryz.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевтың қазасына не үшін барғанын түсіндірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Үкімет басшысына «Өткен жолы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың жаназасына бардыңыз. Сіздің барғаныңыз әлеуметтік желідегі халықтың арасында талқыланып, сыналды. Жалпы сіздің бұл жаназаға баруыңыз азаматтық позиция ма, жоқ әлде протокол болды ма?» деген сұрақ қойылды.

«Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз бар, ол қайтыс болған адамның жақындары мен туыстарына көңіл айту. Сондықтан мен премьер-министр ретінде тұңғыш президентке көңіл айтуды жөн деп санадым. Оның үстіне сол күні Алматы қаласында іс сапармен болғанмын. Үлкен, өте маңызды жобаны бастадық. Ол Алматы қаласының айналма темір жолының құрылысының бастамасы болды. Ол біздің көліктік, транзиттік әлеуметтік көтеру үшін өте маңызды жоба. Сондықтан сол күні Алматыда іс-сапармен болдым және жаңа айтылғандай тұңғыш президентке көңіл айтуды жөн санадым», – деді премьер-министр.

Пікірлер