Демократия жолында. Илон Маск Моңғолия байлығына қызығатынын ашық хабарлады

1797
Adyrna.kz Telegram

Моңғолияның премьер-министрі Лувсаннамсрай кеше "Tesla" және "SpaceX" компаниясының атқарушы директоры Илон Маскпен онлайн-кездесу өткізіп, онда ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Илон Маск өз кезегінде Моңғолияның байлығына қызығатынын жасырмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Онлайн-кездесу барысында моңғол мемлекетінің басшысы электромобильдерді пайдалануды қолдайтынын айтты. Сонымен қатар әлем бойынша жасыл технология қолданысының артуына қолдау көрсететінін мәлімдеді. Ол бұдан әрі "Tesla" филиалы Моңғолияда құрылса, электромобильдерді пайдалануға даяр екендіктерін жеткізді.

"Біз Моңғолиядағы" Тесланы" және өнеркәсіптік бағыттағы электромобильдер мен тау-кен батареяларын өндіру үшін мыс пен сирек жер элементтерін әлеуетті пайдалануды құп көреміз", -деп жазды Оюун-Ерден Твиттерде.

Өз кезегінде Илон Маск Моңғолия Премьер-Министрімен алғаш рет онлайн режимінде кездескеніне ризашылығын білдіріп, Моңғолияның бай тарихына өте қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Ол екеуіне де ыңғайлы уақытта Моңғолияға баратынын атап өтті.

Кездесу соңында Моңғолия үкіметінің басшысы Илон Маскты 2023 жылдың шілдесінде өтетін Моңғолия экономикалық форумына қатысуға шақырды.

Мұндай бетбұрыстарға қатысты әлеуметтік желі қолданушысы Сайран Кадер:

- Улаанбатарда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан сел жүріп, адамдар әбігер. Дәл осыған қабаттаса Моңголияның болашағы үшін аса маңызды екі жаңалық болды:
1. Моңғол парламенті ағылшын тілін орта мектепте негізгі шет тілі ретінде үйрету туралы заң қабылдады. Орыс тілі емес, қытай тілі емес ағылшын тілі!
2. Моңғол елінде Илон Масктың старлинк компаниясы интернет сервисін ашты, енді бұл елде ешкім интернетті бұғаттай алмайды, әлеуметтік желінің бостандығы 100%, - деп жазды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер