«Патшаның жемқор болғаны сұмдық емес пе?!»

2933
Adyrna.kz Telegram

“Адырна” ұлттық порталының YouTube арнасындағы кезекті қонағы - қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының мүшесі, тарих ғылымының докторы, академик Хангелді Әбжанов.

Сұхбат барысында әлі ақталмаған қайраткерлер және олардың өміріндегі көмескі тұстар жайында сөз қозғалады. Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау барысындағы кедергілер, құжаттардың сақталуы және оқылуындағы қиындықтар жайында тоқталып келіп, бұл салада мамандарлың жетіспей жатқанын атап көрсетеді.

Тарихшының айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау - бірінші кезектегі маңызды іс. Қолданыстағы заңда “қолына қару алғандардың ақталмайтыны” көрсетілген. Бұл мәселені қалай реттеуге болады? Қоғам үшін тарихтың маңызы қандай? Ұлттың өзін-өзі тануындағы кедергі не? Ел басқаратындар неге назар аудару керек? Ютубтағы сілтемеге өтіп, осы сұрақтардың жауабын біле аласыз.

Пікірлер