Елімізде 3000-нан астам онлайн-казино бұғатталды

1535
Adyrna.kz Telegram

Сот шешімдері негізінде елімізде 3000-нан аса онлайн-казино жұмысына құрық салынып, 5 букмекерлік кеңсе мен 2 лотереяның лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна”.

ҚР БҒМ Туризм индустриясы комитеті онлайн-казиноларды анықтау және бұғаттау жұмыстарын жыл сайын жүргізіп келеді. Биылғы жылдың басынан бері мемлекетте 3670 онлайн-казино бұғатталған, сот шешімдері негізінде 5 букмекерлік кеңсе мен 2 лотереяның лицензиясы тоқтатылды. Оған лицензиялық алымды төлеу бойынша берешек, ойын аймақтарынан тыс жерде тіркелу, міндетті резервтің болуы туралы талапты орындамау және басқа да бұзушылықтар себеп болып отыр.

"Онлайн казинолар және жеңіл ұтысқа уәде беретін олардың жарнамасы құмар ойындардан зардап шегетін адамдарды ақшалай қаражатқа түсіру әрекеті екені ешкімге құпия емес. Бұған қарсы тұру үшін біз интернетті бақылап, қолданыстағы лицензияларды тексереміз. Мысалы,  бұл 4 букмекерлік дүкен, 3 ұтыс ойыны және 1 ойын автоматтары залының лицензиясын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Пікірлер