"Майқайыңалтын" ісін тоқтатты. Мыңнан аса адам жұмыссыз қалды

729
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Себебі, қордағы алтын рудасы таусылған, ал жер астындағы қазуға әзірге рұқсат жоқ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Qazaqstan арнасына сілтеп. 

«Алдағы алты жылға дайындалған 1 млн тоннадан астам шикізат жердің астында жатыр. Әзірге оны шығаруға рұқсат жоқ. Себебі, қаңтардың 3-нен 4-не қараған түнгі апаттан соң, шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған болатын. Ал кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді оларға фабрика ішіндегі мамандар қосылды. Жұмыссыз қалғандардың жалпы саны - 1100 адам. Олардың ары қарайғы тағдыры не болары осы 1-2 күнде шешіледі», - дейді Qazaqstan арнасына телефон арқылы ресми жауап берген кәсіпорынның бас директорының кеңесшісі Орынжан Қабдолов.

Еске салсақ, жыл басында фабрика аумағында топырақтың опырылуынан пайда болған шұңқырға 4 адамы бар автобус құлаған болатын. Екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Тағы екі адам әлі іздестіріліп жатыр.

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы 10 мыңнан аса халқы бар Майқайың кентіндегі тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған негізгі жүйе құраушы кәсіпорын болып есептеледі.

Пікірлер