Ресейді айналып өтетін көлік дәлізі таныстырылды

1325
Adyrna.kz Telegram

Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлеуетінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды “Адырна”.

Өткен аптада Грекияда өткен Балқан және Қара теңіз форумының басшыларымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Грекиядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Ресейді айналып өтетін көлік дәлізін таныстырды.

Халықаралық іс-шараға Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Костас Фрагояннис, шетелдік елшілер мен Балқан және Қара теңіз өңірлері елдерінің бірқатар іскер топтарының өкілдері қатысты.

Аталмыш форумның атқарушы комитетінің төрағасы Гианис Балакакис Еуропалық қайта құру және даму банкінің Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланыстарын орнату бойынша зерттеуінің нәтижесі Қазақстан мен Грекия арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жақсы перспективаларын көрсететінін атап өтті.

Сонымен қатар Транскаспий Халықаралық Көлік бағыты форумында грек компанияларының қызығушылығы бар екенін жеткізді.

«ТХКБ» халықаралық қауымдастығы – бүгінде бірқатар елдер мен компаниялардың мүдделерін біріктіретін және білдіретін, сол арқылы тарихи Ұлы Жібек жолының бағытын жандандыратын ұйым болып табылады.

Пікірлер