"Стратегиялық міндет". Транскаспий халықаралық көлік жолы қандай әлеуетке ие?

746
Adyrna.kz Telegram
Ақорда
Ақорда

Транскаспий халықаралық көлік жолының рөлі Қазақстан мен Әзірбайжаннан бөлек, бүкіл әлем үшін маңызды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтты.

"Әзірбайжан сияқты Қазақстан да елдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайту бойыншана  белсенді саясат жүргізіп келеді. Жасырмаймын, бұл біз үшін стратегиялық міндет.

2030 жылға қарай 11 мың шақырымды жөндеп, 5 мың шақырымнан астам жаңа темір жол салуды көздеп отырмыз. Бұл елдің көліктік мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады.

Бүгінгі таңда трансконтиненталдық сауданы ілгерілету мен дамытудағы Транскаспий халықаралық көлік маршрутының немесе «Орталық дәліз» деп аталатын жолдың рөлі тез өсті. Бұған осы бағыт бойынша 2022 жылы екі есеге, ал 2023 жылы тағы 65 пайызға артып, 2,7 миллион тонна жүкке (2022 жылы – 1,7 миллион тонна) дейін өскен жүк тасымалдау көлемі дәлел", - деді Президент.

Каспий жағалауындағы теңіз порттарымызды ауқымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінбек.

"10 млн тонна. Бұл үшін сұраныс та, технологиялық мүмкіндік те бар. Сондықтан Астана мен Баку бұл салада кешенді қадамдар жасауда. Сонымен қатар, Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия теміржол ұйымдарының жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін «бір терезе» форматында қызмет көрсететін Middle Corridor Multimodal Ltd. бірлескен кәсіпорны құрылды.

Жол бойында ең соңғы цифрлық технологиялар қолданылады. Ол үшін үздіксіз цифрлық дәліз әзірлеген көпұлтты сингапурлық PSA компаниясын тарттык.

Біз теміржол көлігі саласында инновациялық шешімдерді енгізу үшін Huawei, Wabtec, Alstom сияқты жаһандық ойыншылармен белсенді түрде ынтымақтасамыз. Олар саланы бәсекеге қабілетті және тиімді етеді.

Жалпы, Транскаспий халықаралық көлік жолы үлкен әлеуетке ие. Жобаны жүзеге асыруда Қазақстан мен Әзірбайжанның рөлі өте зор", - деді ҚР Президенті.

Пікірлер