Ұялы байланыс операторлары айыппұл арқалады

1401
Adyrna.kz Telegram

Сапасыз қызмет көрсеткені үшін ұялы байланыс операторларына 3,4 млрд теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Мемлекет аумағындағы бірқатар байланыс операторлары айыппұл арқалады.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес «Мемлекеттің монополиялануы және нарықтың жоғары шоғырлануы салдарынан операторлар арасында клиент үшін бәсекелестіктің төмендеуі байқалады. Бағаның өсуіне, тұтынушыларға талап етілмеген қызметтерді жүктеуге, сондай-ақ байланыс және интернет қызметтерінің сапасына шағымдар көбейді. Мысалы, 2022 жылы және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторларына қатысты байланыс қызметтерінің сапасы бойынша 1 492 тексеру жүргізілді және оларға 3 млрд 44 млн теңге сомасына айыппұл салды», - деп мәлімделген.

Өткен жылдың соңындағы ақпаратқа сәйкес, республика аумағында 25,1 миллион абонент тіркелгені анықталды.

Пікірлер