Бүліктен кейін Пригожин Путинмен кездескен бе? Кремльде ме, көшеде ме?

1578
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Путин бүліктен кейін Евгений Пригожинмен және оның командирлерімен кездесті,  хабарлайды “Адырна” Libération газетіне сілтеме жасап. 

Шілденің 10-ы күні әлеуметтік желілерде “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин мен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путиннің кездескені туралы ақпарат тарады.

Соңынан бұл мәліметті президенттің баспасөз хатшысы Песков те растауға мәжбүр болды.

"Президенттің кездесуі өтті, оған 35 адамды шақырылды. Барлық отряд командирлері мен рота басшылығы болды, оның ішінде Пригожин де бар", - деді ол.

Кездесу барысында тараптар бүлік нәтижесін талқылағанға ұқсайды. Хатшының сөзінше, Владимир Путин әлемде болып жатқан оқиғаға «баға беріп», командирлердің түсініктемелерін тыңдаған:

"Олар мемлекет басшысы мен Жоғарғы Бас қолбасшының табанды жақтастары мен сарбаздары екенін баса айтты, сонымен қатар Отан үшін күресті жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді. Бұл кездесу туралы тек осыны айта аламыз", - деп түйіндеді сөзін Песков.

Libération газетінің жариялауынша Евгений Пригожин 1 шілдеде Кремльге арнайы шақырылып, онда Путинмен, сондай-ақ Ұлттық гвардия басшысы Виктор Золотовпен және Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкинмен кездескен. Кездесуден басқа ешқандай ақпарат жарияланбады.

Пікірлер