Павлодарда бір дүкеннен тауық пен салат алған 6 адам уланып қалды

1625
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда дүкеннен тауық-гриль мен салат алған 6 адам уланып қалды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға маусым айының басында болған. Зардап шеккендердің ішінде балалар жоқ.

«6 адам бір дүкеннен тауық-гриль, картоп, тұздық, салат, торттар сатып алып, уланып қалған. Тексеріс барысында сауда объектінде тауарды таңбалаудағы сәйкессіздік, бактерицидтік шамның болмауы, сауда жабдықтарын уақтылы тазаламау сынды бірқатар бұзушылық анықталды»,—делінген хабарламада.

Басқарма қазіргі таңда дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілгенін атап өтті.

Бұған дейін Кентауда дәмханадағы астан 100 адамның уланып қалғанын жазған едік.

Пікірлер